Қырғызстандағы бүкілхалықтық референдум 21 қазан, жексенбіде өтті.
"Мемлекеттік "Шайлоо" автоматтандырылған дауыс беру жүйесінен алынған алдын-ала мәліметтерге сәйкес, 20 сағаттағы жағдаймен дауыс беруге тізімге енгізілген 2 698 196 сайлаушының 2 188 217-сі дауыс беріп, референдум өтті деп танылды", - деп хабарлайды Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлаушылардың ең жоғары белсенділігі Баткен облысында (86,19%), ал ең төмен белсенділік - Бішкекте (70,13%) тіркелді. Дауыс берудің алдын-ала қорытындысы бүгін сағат 11-де жария етіледі.
Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, "жалпы республика бойынша дауыс беру зау бұзушылықтарсыз, тыныш өтті". Сайлау учаскелерінде 2 500 байқаушы, соның ішінде саяси партиялардан шамамен 850 адам қатысса, қалғандары - басқа да қоғамдық ұйымдардан болды.
Референдумға шығарылған әрбір мәселе бойынша дауыс жеке саналады. Дауыс санау қорытындысы референдумның учаскелік комиссияларының отырысында қаралып, хаттамаға енгізіледі. Бұдан кейін учаскелік комиссиялар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге хаттамаларды әкімшілік аудандар мен қалаларға алып шығады. Ол жерлерде хаттамалар тексеріліп, комиссия төрағалары мен байқаушылардың қатысуымен Мемлекеттік "Шайлоо" автоматтандырылған дауыс беру жүйесіне енгізіледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, референдум өткізу туралы жарлыққа президент Құрманбек Бакиев 2007 жылдың 19 қыркүйегінде қол қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті