Қырғызстандық әйел елімізге 3 млн-дай теңгені заңсыз алып өтпек болған жерінен құрықталды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бүгін 12.00 шамасында "Қордай" өткізу бекетінің шекарашылары Қырғызстан Республикасынан Қазақстанға бет алған Қырғызстанның азаматшасын ұстаған. "Әйелден 2 млн 850 мың теңге көлеміндегі декларациядан көрсетілмеген ақша табылды",- деп түсіндірді баспасөз қызметінен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті