Қырғызстандық подполковник Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды

Әскери қызметкер есірткі затымен ұсталғаны нақтыланды. Әскери қызметкерді ұстау шараларын қазақстандық шекарашылар жүзеге асырған. Кейбір мәліметтерге сәйкес қылмыстық іс Қордай аудандық сотында қарастырылады.

“Офицерлер тобы “Мызғымас бауырластық-2017” біріккен оқу жаттығуларына қатысуға келе жатқан. Офицер осы топтың құрамында болған. 15 қазан күні “Ақ Жол” бақылау-өткізу пунктінде ҚР ҰҚК МШҚ қызметкерлері ұстады”, — деп хабарлайды сайт.


Бас штабтың баспасөз қызметі Қырғызстандық әскери қызметкердің ұсталғанын растады. Алайда мекеме оған себеп болған жағдайды нақтыламады. Бас штаб қазіргі уақытта тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын жеткізді.