Қырғызстандықтарды өлтірген күдікті деп танылған Қазақстан азаматы Ресейде өзін-өзі өлтірді

Қырғызстанның ІІМ бас қылмыстық іздестіру басқармасының хабарлауынша, "Қазақстан, Ресей мен Қырғызстанның аумағында бірқатар тапсырыспен кісі өлтіру оқиғаларын жүзеге асырған Қазақстанның Алматы облысының тумасы Мәскеу облысының Одинцово қаласындағы тергеу абақтысында өзін-өзі өлтірді".

Күдіктіні Ресейдің құқық қорғау органдары мамыр айында ұстады, ол енді Қырғызстанға экстрадициялануға тиіс болған.

Қырғызстанның ІІМ бас қылмыстық іздестіру басқармасының хабарлауынша, ол Алматыда қырғыз боксшыларының тобына қастандық жасау оқиғасына қатысы бар күдікті деп танылған болатын. Қастандық салдарынан бір боксшы қаза тапқан. Бұған қоса ол 2003 жылы Бішкекте бұрынғы арнаулы қызметтің жауынгерін өлтірген деген күдік бар. Ол осы уақыттан бері Ресейде жасанды төлқұжатпен бой тасалап жүрген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті