"АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бөлімінің Орталық Азия және халықтық дипломатия жөніндегі көмекшісінің орынбасарының міндетін атқарушы Памела Спратлен наурыздың 14 мен 18 аралығында республикада болып, қарым-қатынастың барлық бағыттары бойынша АҚШ пен Қырғыз Республикасы арасындағы диалог шеңберінде кездесулердің екінші раундын өткізеді", - деп хабарлайды елшілік.
Ел басшылығымен, азаматтық сектор өкілдерімен бірқатар кездесулер жоспарланған. Атап айтсақ, "заңның үстемдігін орнатуға қолұшын беру, әділетті басқару және АҚШ пен Қырғыз Республикасы арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту" секілді екі жақты ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелер талқыланады".