"Делегацияның үш күндік сапары барысында Қырғызстанның жоғарғы басшылығымен екі жақты байланыстар мен экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады. Бүгін олар Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен кездеседі", -деп хабарлайды елшілік.
Сенаторлар АҚШ-тың Қырғызстанға көмек көрсету бағдарламаларымен танысып, Бейбітшілік корпусының еріктілерімен кездесіп, "Манас" әуе базасын аралайды. Делегация құрамында сенатор Джеф Бингеман, сенатор Билл Нельсон, сенатор Джонни Исаксон мен сенатор Роберт Менендес бар.