Қырғызстанға электр қуатын Қазақстаннан жоғары бағаға сатып алуға тура келмек - Қырғызстан премьер-министрі

"Қырғызстан үкіметі сәуірде 1 млрд киловатт-сағатқа дейін электр энергиясын сатып алу ниетін мәлім еткен. Осы уақыт ішінде келіссөздер жүргізілді. Сөйтіп біз Қазақстаннан қазан айында Жамбыл ГРЭС-і іске қосылған соң 250 млн киловатт-сағатқа жуық электр қуатын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бірақ біз электр қуатын еліміздегі электр қуатының нарықтық орташа құнынан жоғары бағаға сатып алатынымыз сөзсіз. Өйткені, Жамбыл ГРЭС-індегі электр қуатының өзіндік құны Қырғызстандағыдан әлдеқайда жоғары", - деді И. Чудинов.