Қырғызстанмен шекарада алғашқы автоматтандырылған кеден бекеті ашылды

«Терминалдың құрылысы туралы шешім осыдан 2 жыл бұрын қабылданған. «Чон-Капка» - біздің талаптардың бәріне жауап беретін алғашқы кеден бекеті. Ол Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымын арттыруға ықпал етеді. Жаңа кеден бекетінде автоматтандырудың арқасында азаматтар үшін және тауарларды алып өту үшін шекараны кесіп өтудің жеңілдетілген тәртібі енгізілген», - деп мәлім етті мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Құбанычбек Құлматов бекеттің ашылу рәсімінде.