Қырғызстанмен шекарада заңсыз көші-қон арнасы табылды

ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, олар мигранттарды қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өткізіп келген.

«Мерке» өткізу бекеті мен Тараз шекара жасағының шекарашылары жедел-іздестіру шарасы барысында 24 жастағы Қазақстан азаматын қолға түсірген. Ол аталған аумақта заңсыз көші-қон  арнасын ұйымдастырған болып шықты», - делінген хабарламада.

Тексере келе оның бір мигрантты заңсыз өткізу үшін 10 мың теңге алып келгені анықталды. Тінту барысында күдіктінің қаражаты, ұялы телефоны, мигранттарды тасыған автокөлігі тәркіленіп, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.