Бұл туралы облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, кеше сағат 20:20 шамасында кеден бекетінде Қырғызстаннан Кеден одағының аумағына бет алған «Мазда-33» көлігі тексерілді.
Тексеру кезінде көліктің артқы отырғышының арқалығынан иісшіл ит күдікті ақ ұнтақ тауып алған.
Сарапшы қорытындысы бойынша ол 9 кг 870 гр героин болып шыққан.
Көлік жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.