Жексенбіде таралған ақпаратқа қарағанда,"Сыпатай батыр" заставасының шекаралық наряды "Камазды" тексеру кезінде спортқа арналған сөмке тапқан, оның ішінен жалпы салмағы 6,7 кило гашиштің 14 брикеті шыққан.
"Тағы бір табылған пакеттің ішінен сары металдан жасалған алтын әшекейлер шыққан. Контрабандалық жүктің салмағы мен сапасы қосымша сараптама кезінде белгілі болады", делінген онда.
Бұл факті құқық қорғау органдарына хабарланды. Екі қылмыстық іс қозғалды.