Қырғызстаннан Ресейге 18 келі героин алып өтпек болған азаматтың жолы кесілді

ҰҚК шекара қызметінің хабарлауынша, Ресейге «Даймлер-бенс-200» автокөлігімен Ресейге кетіп бара жатқан Қырғызстан азаматы «Сыпатай батыр» бекетінде қолға түсті.

«Тінту барысында иісшіл иттің көмегімен көліктің бензин құятын багынан 18 полиэтилен пакетке салынған есірткі табылды», - делінген хабарламада.
Сараптама нәтижесінде пакетке 18 келі героин салынғаны белгілі болды.
Қазір қырғыз азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды.