Қырғызстанның аймақтарында оппозиция өкілдерінің шерулері басталады

Оппозиция өкілдері акцияны өткізу барысындағы міндеттерін бөліп алған: бұрынғы ІІМ Өмірбек Суванәлиев жаппай шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, парламент депутаттары Мелс Эшимканов, Қуатбек Байболов, Темір Сариев мемлекеттік орган қызметкерлерімен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.

Жоспарланғандай , наразылық акциясы бүгін Шу, Нарын, Талас және Ыстықкөл елді мекендерінде басталады. Қауіпсіздік мақсатында Қ.Бакиевтың жақтастары көп шоғырланған республиканың оңтүстігінде шеру өткізбеу туралы шешім қабылданған. Оппозиция жетекшілерінің болжауынша, шараға бірнеше мың адам қатысады. Сәрсенбі күні , 11 сәуірде , мерзімсіз наразылық акциясы Бішкекте жалғасады.

Осыған дейін хабарланғандай, Қырғызстан астанасы мен республиканың бірқатар қалалары мен ауылдарында 5 сәуірден бастап оппозиция жақтастарының саяси аштығы өтуде . Олар президенттің отставкаға кетуін және конституцияны реформалауды талап етіп отыр. Аштыққа жүзден астам адам қатысуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті