Қырғызстанның алты азаматы автобустың жүк салатын бөлігінде елімізге келуге талпынды

Басым бөлігі Ош және Жалалабад облысының тұрғындары болып табылан заң бұзушылар Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан жеке бастарын куәландыратын құжатсыз өтуге талпынған.

Осы автобуспен келе жатқан қырғызстандық әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 330-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. ҰҚКД түсініктемесіне сәйкес, әйел әрбір адамнан 3 мың теңгеден жинап, мемлекеттік шекараны бұзу оқиғасын ұйымдастырған.

Іс Қордай аудандық ІІБ-на тергеуге жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті