Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің ақпараттарына сүйенсек, 25-қазанда "Қордай" кедендік постында Қазақстан Республикасына бет алған Қырғызстан азаматын тексеру барысында одан 116 грамнан астам гашиш табылып, тәркіленген.
"Жамбыл облысының Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері оның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 250-ші және 259-шы баптары бойынша (тыйым салынған заттарды тасымалдау және есірткіні заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғады",- деп хабарлады Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіндегілер.
Сонымен қатар, 26-қазанда Шығыс Қазақстан облысында осы тектес қылмысы үшін Қырғызстан Республикасының тағы бір азаматы қолға түскен, деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
"Сетра" маркалы автобусымен Бішкек - Томск бағыты бойынша бет алып бара жатқан Қырғызстанның азаматынан кедендік бақылау жүргізу кезінде салмағы 743,76 грамм героин табылып, тәркіленді",- деп түсіндіріп өтті Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің қыметкерлері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті