Қырғызстанның азаматтық әуе желілері департаментінің директоры отставкаға кетті

А. Аскаровтың айтуынша, ол "Боинг-737" ұшағының апатына байланысты жауапкершілік жүктеуге тиіс, сол себепті моральдық және адамгершілік принциптерді ескеріп, өз бетімен қызметтен кетеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 24 тамызда Манас әуежайына таяу жерде "Боинг-737" ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан 64 адам, соның ішінде бір Қазақстан азаматы қаза тапты.