Қырғызстанның азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төніп тұр

"Елдің азық-түлік қауіпсіздігін, әсіресе, астықпен қамтамасыз ету мәселесі өте күрделі болып отыр. Халықты нан өнімдерімен толықтай қамтамасыз ету үшін республика жыл сайын 1 млн тоннадан кем емес мөлшерде бидай өсіруі керек", - деп атап көрсетті И. Айдаралиев Қырғызстанның Шу облысының мемлекеттік әкімшілік алқасының отырысында.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қырғызстанда 2008 жылы 720 мың тонна бидай жинау көзделіп отыр. Сарапшылардың есептеулері бойынша, бидай қажеттілігінің 15 пайызын - 165 мың тоннаны мемлекеттік қорға жинау керек. Осылайша, ел қажеттілігі 1 млн 265 мың тоннаны құрап отыр. Ал тапшылық көлемі - 545 мың тонна.