Қырғызстанның бұрынғы президенті Ақаев тәркілеп алынған өз құжаттары қайтарып берілмеген жағдайда сотқа жүгінбекші

А.Тоқталиев журналистерге А.Ақаевтың өз атынан соттағы дау-дамайды бастауды тапсырған , нотариус бекіткен сенімхатты көрсетті. Адвокаттың айтуынша, өз ар-ұжданы мен беделін қорғау туралы комитетке А.Ақаевтың өзі өтініш білдірген. Бұрынғы президенттің атынан А.Тоқталиев республикадағы билік ауысқаннан кейін президенттің жұмыс бөлмесі мен ғимараттарындағы тінту шараларының заңсыз жүргізілгенін мәлімдеді.

А.Тоқталиевтің айтуынша, аталмыз заңсыз әрекеттер жүзеге асырылған сәтте А.Ақаев Қырғызстанның президенті болатын. Ал қолданыстағы заңнама,ға сәйкес, Қырғызстан президентіне қол сұғылмаушылық талабы ол иемденген баспана мен жұмыс орындарында, ол пайдаланған көлік және байланыс құралдары, мұрағаттар мен басқа да дүние-мүліктерге жаппай таралуы тиіс.