"Қолайлы ахуал қалыптасқан жағдайда, ерте ме, кеш пе, әйтеуір әкем өз еліне оралады дегенге кәміл сенемін",- деді Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты. Бірақ "әкем саясатқа қайтадан келмейді" дейді ол. "Менің пайымдауымша, ол саясатқа қайтадан келуді жоспарлап отырған жоқ. Ол стратегиялық тұрғыда ой толғайтын жан. Кекшіл емес. Ол өз елі мен халқының мүддесін әрқашан бірінші орынға қоятын адам",- деді Қырғызстанның бұрынғы президентінің қызы.