Ұлының айтуынша, қазір Н.Танаев Ресейдің Пенза облысында жүр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан бас прокуратурасы лауазымдық құзыретін асыра пайдаланды деп айыптап, Н.Танаевты қамауға алуға санкция берген болатын.
Бұрынғы үкімет басшысының ұлы берген түсініктемеге сәйкес, Н.Танаевтың шешімімен Қырғызстан Республикасы еңбек министрлігінің жұмыспен қамту жөніндегі қорынан Бішкекте Республикалық әкімшілік-іскерлік мәдени орталық құрылысын салуға 3 млн. сом аударылған. "Бұл нысанды салуға мердігерлік құқығы тендерде жеңуге байланысты мен басқаратын "Қырғызкурулуш" акционерлік компаниясына берілді",- деді А.Танаев. Бұрынғы үкімет басшысының ұлы "ол басқаратын ұйымға нысанның фундаментіне дейінгі бөлігін салу тапсырылғанын және бұл жұмыстар дер кезінде орындалғанын" хабарлады. "Қырғызкурулуш" бұл жұмыстарға 4 млн. сом жұмсады, ал құрылыс жұмыстарының тоқырап қалуына байланысты компания шығынға батып отыр, дейді А.Танаев.
Оның айтуынша, орталық салу туралы шешімді Қырғызстан үкіметі Н.Танаев үкімет басшысы болып тағайындалмай тұрып, ресми қонақтарды қабылдап алатын қазіргі заманғы ғимараттың жоқтығына байланысты қабылдаған. Жалпы алғанда орталық құрылысын салуға 400 млн. сом бөлу межеленген.