Қазіргі уақытта энергия компаниялары тарапынан 170 млн сом көлеміндегі ағымдық қарыз қалыптасқан. Ол "Қырғызгаз" АҚ алдындағы 3 млн АҚШ доллары көлеміндегі қарызды жабуға кедергі келтіріп отыр. Осыған байланысты қарыз құрылымын өзгерту бойынша "Қырғызгаз" басшылығымен келіссөздер жүргізілуде.
"Электр станциялары" ААҚ тарапынан қарызды төлеу мен қарызды қайтару кестесінің кепілдеме хаты ұсынылған. Газ көлемін ұлғайту мәселесінде келісімге келген жағдайда ыстық су кешіктірілмей берілетін болады.