Қырғызстанның ЕурАзЭҚ аясында Қазақстан , Ресей мен Беларусь құрған Кедендік одаққа бірігуге барлық мүмкіндіктері бар

Құрманбек Бакиевпен әңгіме барысында Т. Мансұров ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесіңнің 2007 жылдың 6 қазанында өткен отырысында қабылданған шешімдердің орындалу барысы және ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесіңнің алдағы қыркүйек айына межеленген мемлекет басшылары деңгейіндегі кездесуіне дайындық барысы жайлы хабардар етті.

Тараптар сондай-ақ, Қырғызстанның ЕурАзЭҚ аясында Қазақстан , Ресей мен Беларусь құрған Кедендік одаққа бірігу мүмкіндігін талқылады. И.Чудинов Қырғызстанның оған әлеуеті толық екенін жеткізді.