Қырғызстанның ІІМ халықтан заңсыз сақтаулы тұрған қаруды тапсыруды сұрады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір республиканың ішкі істер органдары "Арсенал" деген атпен оперативтік-іздестіру және алдын алу шараларын жүргізуде.

Операция барысында қазір 1 мың 117 заң бұзушылық анықталып, 1 мың 191 адам әкімшілік жауапкершілікке, 80 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.