Қырғызстанның кәсіби лицейлерінің түлектері Қазақстан мен Ресейдің еңбек нарығында сұранысқа ие

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жоғары білімді мамандардың жұмысқа орналасуымен қиындықтар туындаған болса, кәсіби-техникалық білім бұл салада озып тұр. Жас қыздар мен жігіттер екі жыл ішінде жұмысшы мамандықтарын алып шығып, бітіре салысымен дәнекерлеуші, құрылысшы, ұста, тігінші, аспаз, кондитер болып жұмысқа орналасып жатады. Осы және өзге де мамандар Қазақстан мен Ресейдің қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие болып отыр.

Қырғызстанда қазіргі күні 18 кәсіби-техникалық лицейлер жұмыс істеп тұр. Онда 85 мамандық бойынша жыл сайын шамамен 3500 түлек бітіріп шығады. Лицейлерде қысқа мерзімді оқу (бір жылғы), сондай-ақ, екі жылдық және үш жылдық оқу бар. Бұл оқу орындары көршілес елдердің жұмыс берушілерімен тығыз қарым-қатынас жасайды.