"Ниет туралы хаттамаға өткен жылы қол қойған болатынбыз. Енді міне толығымен серіктестік туралы келісім де өзінің соңғы кезеңіне келіп жетті", - деп хабарлады Қырғызстанның кәсіпкерлер одағы.
Бұл құжаттың нұсқаларын екі жақ та дайындап, бір-біріне зерттеу үшін жіберген. Жуық арада солардың негізінде қорытынды келісім жобасы жасалатын болады. Ал оған үстіміздегі жылдың екінші жартысына дейін Астанада қол қою жоспарланып отыр.
ҚКО бірқатар бағыттар бойынша, оның ішінде тараптар аумағында кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауға, тиісті мемлекетаралық құжаттардың жасалуына, әртүрлі салаларда тікелей байланыс орнауына қатысты тұрақты өзара ықпалдастық орнату жайлы сөз болып отырғанын атап көрсетті. Сонымен бірге, ҚКО мен "Атамекен" бірлескен Іскерлік кеңес құру жайында да келісті.
ҚКО сонымен бір мезгілде Қазақстанның өзге де бизнес-қоғамдастықтарымен байланыстарын нығайтады. "2007 жылдың аяғында Қазақстанның "КазКа" кәсіпкерлер бірлестігімен тұрақты ықпалдастық орнату туралы келістік. Ал қазіргі уақытта бұл серіктестіктің құқықтық негіздемесін жасау бойынша келіссөздер жүріп жатыр", - деп хабарлады кәсіпкерлер одағында.
Қырғызстанның кәсіпкерлер одағы бүгінгі таңда 10 мыңнан астам заңды және жеке тұлғаларды біріктіріп отыр. Оның ішінде ірі бизнес қоғамдастықтар, басқа да кәсіпкерлер бірлестіктері мен халықаралық ұйымдар бар.