Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың мәйіті "Ата-Бейіт" мемориалдық кешенінде жер қойнауына берілді

Ш. Айтматовты жерлеуге жазушының туыстары мен жақындары, елдің жоғарғы басшылығы, Қазақстан, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Әзербайжан мен Татарстаннан келген делегациялар қатысты. Ең үлкен Қазақстан делегациясына ҚР мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев жетекшілік жасады. Сонымен қатар, Қырғызстанның халық жазушысын соңғы сапарға шығарып салуға оның шығармашылығының екі мыңнан астам оқырманы келді. Жазушымен қоштасуға ниет білдіргендер таң сәріден бастап Ұлттық филармония ғимаратына жинала бастады. Содан кейін Ш. Айтматов бойынша еске алу митингісі болып өтті.