Қырғызстанның мемлекеттік бюджеті алғаш рет артығымен орындалды

"Бұл туралы Құрманбек Бакиев ауыл шаруашылық және қайта өңдеу кәсіпорындары қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиынында мәлімдеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Профицит мөлшері 2 млрд 492 млн сомды құраған. Қ. Бакиевтің сөздері бойынша, "бұл ел экономикасының тұрақты даму жолына тұрғандығының белгісі. Сондай-ақ, өз қаржымыз болмағанда, біз "Қамбарата-2" СЭС құрылысын бастамас едік, деді ол.

Президенттің пікірі бойынша, одан әрі даму үшін, мемлекеттік саяси тұрақтылық, үкімет және парламент арасында түсіністік болуы керек.

"Ауыл -аймақтарға барған жұмыс сапарлары кезінде, тұрғындар, жүргізіліп жатқан саясатты қолдайтындықтарын, экономикада болып жатқан өзгерістерді айтты. Олар бала-бақшалардың, мектептердің, ірі әлеуметтік нысандар құрылыстарының бой көтеруін, зейнетақы және бюджеттік мекемелердегі еңбек ақының көтерілуін жақсы бастама" деп құптағанын Бакиев атап өтті. "Басқа сөзбен айтқанда, саясаттан экономикаға толық көшейік, сондай, одан да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізетін боламыз" -деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті