Қырғызстанның оңтүстігінде 5 балл жер сілкінісі болды



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Қаракөл қаласынан оңтүстікке қарай 20 шақырымда, Тоқтағұл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырымда, Таскөмір қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 45 шақырымда және Ош қаласынан солтүстікке қарай 110-шақырымда тіркелді.

Жер асты дүмпулері Қаракөл қаласында 4-5 балл, Майлы Суу қаласында 3-4 балл, Таскөмір қаласында 4 балл шамасында тіркелді. Сол күні 16 және 17 сағатта осы аумақта қуаты 3-4 балл болатын дүмпулер қайта тіркелді.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.