Қырғызстанның оңтүстігінде балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру ісі бойынша бірқатар медицина қызметкерлері сотталды

Үкім шығарған судьялардың айтуынша, екі айға созылған сот тергеуінің нәтижесінде айыпталушы 14 медицина қызметкерінің 9-ы Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 316 (Немқұрайдылық), 117 (ВИЧ індетін жұқтыру) баптары бойынша айыпты деп танылды. Төртеуі кінәсі дәлелденбеуіне байланысты ақталды. Бір қылмыстық іс тоқтатылды.

Сотталған медицина қызметкерлерінің барлығы әртүрлі мерзімдерге жазаға кесілді. Атап айтқанда, олар 3 жыл мен 5 жыл аралығында бас бостандықтарынан айрылды.