Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жер асты дүмпулері 7-ақпанда 8 сағат 30 минутта тіркелген. Сілкініс ошағы Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында, Ташкөмір қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырымда, Үшқорған аулынан солтүстікке қарай 5 шақырымда, Ош қаласынан солтүстік-батысқа қарай 90 шақырымда болған.
Ташкөмір қаласы мен Үшқорған аулында 3 балл шамасында, Майлусуу қаласы мен Қызылжар ауылында 2-3 балл жер сілкінісі тіркелді.
Алдын-ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
"Оңтүстікте жер сілкінісінің көбеюі абайлықты арттыруды талап етеді, таяу уақыттарда болжам дайындалып, ол төтенше жағдайлар министрлігіне өткеріледі",- дейді баспасөз қызметі Қырғызстан ғылым академиясының сейсмология институтының директоры Қанат Әбдірахмановтың сөзін дәйексөз ретінде келтіріп.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті