Қырғызстанның оңтүстігінде кикілжіңдерді арандатушылық күштер бастап отыр

Дегенмен, оның айтуынша, жағдайға ықпал етуге қабілетті бірнеше факторлар жоқ емес. Жиі жағдайларда тұрмыстық кикілжіңдер этникалық тұрғыдан қаралады, әсіресе, 2010 жылдан бері келіспеушіліктер орын алған кездерде бұл мәселе бірден көтеріліп кетеді. "Яғни, ондай кикілжіңдерді демеп отыратын күштер бар", деді ол.

"Кикілжіңдер мен жаппай төбелес негізінен алғанда жастар арасында болып отырады, өйткені жасөспірімдердің жетіліп үлгермеген психикасы әр түрлі үндеулерді, оның ішінде этникалық сипаттағы үндеулерді бірден қабылдап алады. Сол себепті оқу орындарындағы жұмысты күшейту керек", деді ол.

Республиканың оңтүстігіндегі дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия жетекшісі Құрбаналы Ұзақовтың  айтуынша, кейбір аудандардағы этникаралық қатынастар қауіп туғызады. Мәселен, Баткент облысының Қадамжай ауданында бір ғана ұлттың өкілдері баратын мешіттер бар. Бір мешітке тек өзбектер, біріне тек тәжіктер, біріне тек қырғыздар барады. Оның айтуынша, ислам ұлт пен жынысқа қарамайды, сонда олар неге бөлек мешіттерге барады? "Демек, аймақта жағдайды пайдаланып, этникаралық кикілжіңдерді жандандыруға мүдделі күштер бар деген сөз", деді ол.