Қырғызстанның оңтүстігінде қуаты 6 балл жер сілкінісі болды; құрбан болғандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ - төтенше жағдайлар министрлігі

Алдын-ала мәліметке сәйкес, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мекеменің хабарлауынша, жер асты дүмпулері 15-сәуірде 19 сағат 59 минутта тіркелген. Сілкініс ошағы Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Оштан оңтүстіке қарай 130 шақырым жерде, Бішкектен оңтүстік-батысқа қарай 420 шақырымда Іле Алатауының бөктерінде болған.

Сары-Таш, Кара-Кабак, Дараут-Курган, Иркештам ауылдарында 3 - 4 балл, Гульча, Суфи-Курган ауылдарында - 3 балл, Ошта - 2 - 3 балл жер асты дүмпулері сезілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті