Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы Бакиевті республика президенті ретінде тіркеді

Орталық сайлау комиссиясының түсініктемесіне сәйкес, қаулы Қырғызстан Республикасы Конституциялық сотының өткен президент сайлауын заңды деп тану жөніндегі шешіміне сәйкес қабылданды.

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының қаулысында сонымен бірге президенттік қызметке кіріскен кезде Қ.Бакиевке мемлекет басшысының куәлігі, төс белгісі мен Қырғызстан президентінің штандартын табыс ету қарастырылған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президентінің сайлауы биылғы шілде айының 10-шы жұлдызында мерзімінен бұрын өткізілді. Қ.Бакиевтің кандидатурасы үшін сайлаушылардың 89 проценті дауыс берді. Өткен президент сайлауының заңдылығы туралы шешімді Қырғызстан Республикасының Конституциялық соты 16-шілдеде қабылдады. Президенттің ант беру шарасы 14-тамызға белгіленген.