Қырғызстанның Ош облысының губернаторы отставкаға жіберілді

"Қырғызстан президенті мемлекеттік әкімшіліктің басшысы, Ош облысының губернаторы Жанторо Сатыбалдиевтің жұмысында жіберген кемшіліктері үшін, оны қызметінен босату туралы жарлыққа бүгін қол қойды", - деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Президент өзінің басқа жарлығымен Қырғызстан президент әкімшілігінде жұмыс істеген Аалы Карашевты Ош облысының губернаторына тағайындады.

Бүгін қаржы полициясы, Ж. Сатыбалдиевке қатысты қылмыстық іс қозғады. Оған қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылуда.

"Қылмыстық істің қозғалуына, облыс әкімшілігі басшылығы қызмет міндеттерін асыра пайдалануы себеп болып отыр ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі..

ҚР қаржы полициясының пікірінше, Ж. Сатыбалдиев "Қант цемент-шифер комбинаты" ААҚ дайын өнімін сату туралы шешімін шығарған. Ал құжат арқылы ол Қырғызстан үкіметінің "Республика тұрғындарын цемент және шифермен қамтамасыз ету шараларын қамтамасыз ету туралы" қаулысының талабын бұзған", деп түсіндірді қаржы полициясы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті