Қырғызстанның парламенттік делегациясы грузин-осетин шиеленісін реттеуде делдалдық қызметін ұсынбақшы

Қырғызстанның парламенттік делегациясы оңтүстік Осетияның Цхинвали қаласына барып, Грузиямен арадағы шиеленісті реттеуде бітімгершілік қызмет көрсетпекші.

Қырғызстанның 4 адамнан құралған делегациясы бүгін түнде Владикавказға ұшып, сосын Оңтүстік Осетия астанасы - Цхинвалиға жол тартады. Бұл жерде өкілдер танылмаған республиканың басшылығымен кездеспекші. Бұдан дейін бітімгерлер Грузия астанасына бет алып, онда Михаил Саакашвилимен кездеспек ниетте.