"Мен "Ақ Жол" деп аталатын жаңа жасампаздық, жауапкершілік пен іс-әрекет партиясын құруды қолдауға шешім қабылдадым",- деп мәлім етті Қ. Бакиев. "Бұл бастықтардың емес, еңбеккерлердің партиясы болады",- деп қосты ол.
Президенттің атап көрсетунше, ол республика кәсіпкерлері партияны қолдайды деп үміттенеді. Оның айтуынша, жаңа қоғамдық-саяси бірлестік "алға жылжуды бетке ұстайды". Қ. Бакиев сондай-ақ, Қырғызстанда 100-ден астам саяси партиялардың тіркелгендігін, бірақ олардың көпшілігінің жақтастары өте аз екендігін атап өтті.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, бүгін күннің екінші жартысында "Ақ Жол" партиясының бірінші құрылтайшылық съезі өтетіндігін хабарлады. Оған президенттің өзі де қатыспақ.
Съезд барысында жаңа партияның бағдарламасы мен жарғысы қаралатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті