Қырғызстанның қалдықтар қоймасы жер сілкіну салдарынан бүлінген жоқ

"Қаңтардың 8-нен 9-на қараған түні болған жер сілкінісі салдарынан Қырғызстанның Баткен облысындағы уран қалдықтары қоймасының ешқайсысы да бүлінген жоқ",- деді Ә. Ташматов.

Қырғызстан Республикасының ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, Қырғызстанның Баткен облысында 11 қалдық қоймасы, ал көрші Джалал-Абад облысында 26 қалдық қоймалары бар.

Қазіргі уақытта, республика аумағындағы 49 қалдық қоймаларында 70 млн. текше метрдей қалдықтар жиналған.

Бұрын хабарлағанымыздай, жер асты дүмпуі 8-қаңтар күні 23 сағат 21 минутта тіркелген, жер сілкінісінің ошағы қырғыз-тәжік шекарасында, Түркістан жотасының бөктерінде, облыс орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 шақырымда және Сүлікті қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 шақырымда болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті