Бұл іс Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабында (міндетті түрде акциздеуге жататын өнімді акциздік маркасыз өндіру, сақтау, импорттау және сату) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қозғалды, деп хабарлады Қырғызстан қаржы полициясының баспасөз қызметі.
Қырғыз азаматы жеке кәсіпкер А. Осмоновадан акциздік маркасыз Қазақстан Республикасында өндірілген ірі көлемдегі алкогольді өнім табылды. Жалпы құны бірнеше ондаған мың сомды құрайтын 1 мыңнан астам бөтелке алкоголь тәркіленді, тергеу басталды. Оның барысында контрабандалық тауардың Қазақстаннан Қырғызстанға тасымалдану арналары да анықталуда.
1$=36 сом