Қырғызстанның Қаржылық бақылау қызметі қаржы нарығын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасын бекітті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бағдарламаның басты мазмұны Қырғызстанда бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту, міндетті сақтандыру түрлерін енгізу, мемлекеттік емес зейнетақы жинақтаушы қорларды дамыту, негізгі құралды қайта бағалау мәселелері, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын енгізу, сондай-ақ, елдің тәуелсіз несиелік рейтингін алуға саяды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бағдарлама бекітілген отырыста Қырғыз Республикасының Қаржы нарығын бақылау және реттеу қызметінің төрағасы Юруслан Тойчубеков сөз сөйледі. Оның пікірінше, қазіргі жағдаймен қаржы нарығын дамытудың стратегиялық бағдарламасын жүзеге асырудың шараларының жоспарын жасаудың маңызы зор.