"Біз тәуекелдерге, әсіресе, экономика саласындағы тәуекелдерге тиісті әрекет етудің саналы жүйесін жасауымыз қажет", - деді премьер-министр.
Ол ЕврАзЭҚ, ШЫҰ, ТМД және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы секілді әртүрлі халықаралық аймақтық ұйымдар шеңберінде жан-жақты ынтымақтастықты барынша пайдаланудың маңыздылығын атап көрсетті. "Алдымызда біздің серіктес елдерімізбен арадағы сауда айналымындағы теңсіздікті жою міндеті тұр. Бұл үшін біз өзге мемлекеттердің ішкі нарығының жағдайын толық білуіміз керек", - деді үкімет басшысы.