Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқарбек Бешімовпен кездесу барысында қырғыз жағы 6 маусымда Өзбекстанның Наманған облысының аумағынан жолшыбай өтіп бара жатқан Қырғызстанның ішкі істер органының 2 қызметкерін тұтқындау оқиғасына аса алаңдап отырғандарын хабарлады. Өзбекстан елшісі ақпаратпен жылдам алмасу және туындаған оқиғаны шешу қажеттігімен келісті. Әлі де қырғыз азаматтарын тұтқындау себептері мен қандай жағдайда ұстап отырғандары жайлы ақпарат жоқ. Оның алдында Қырғызстанның СІМ көршілес мемлекетке ресми нота жіберген. Оған да жауап ала алмаған.