Қырғызстанның сыртқы қарызды өтеу шығындары ағымдағы жылы екі есе өсті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осындай шығындар 2007 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 112,1 млн сомға артып, 2008 жылдың 1 сәуірінде 275,7 млн сомға жетті.

Басты берешек бойынша қарыздарға қызмет көрсету 176,6 млн сомды, процент бойынша - 99,1 млн сомды құрады. Сыртқы қарызға қызмет көрсету 2008 жылдың басынан бері өз кезегінде 1,05 млрд сомнан асты. Оның 1,014 млрд сомы - басты берешек бойынша, 45,4 млн сомы - проценттер бойынша өтем.

Мемлекеттік қарыз бойынша төлемдердің мемлекеттің жалпы шығындары көлеміндегі үлес салмағы жыл басынан бері бүгінге дейін 14,5% болды.