Қырғызстанның Талас облысында Қазақстан жағымен бірлесіп шекаралық сауда кешенін салуға кірісті

Облыс губернаторы Бейшенбек Болотбековтың хабарлауынша, осы мәселе бойынша Қазақстанның Жамбыл облысының басшылығымен арадағы келіссөздер осы көктемде өткен, осыдан кейін аталған кешенді салуға шешім қабылданды. Бұл мақсатта, облыс басшысының айтуынша, қырғыз жағы 10, қазақ жағы - 5 гектар жер бөлген. Құрылыс жұмыстары басталған, оны күзге қарай аяқтау жоспарлануда.