Қырғызстанның тігін өндірісі өнім өндіру қарқынын 23,4% ұлғайтты

Олардың мәліметінше, 2008 жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша Қырғызстанда тоқыма және тігін өндірісі субьектілері 3174,1 млн сомның өнімін өндірді, бұл өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 23,4% артық.

"Соның ішінде тоқыма өндірісі 279,9 млн сомның (өткен жылғы көрсеткіштер деңгейіне шаққанда 104,1%) және тігін өндірісі 2894,2 млн сомның (128,1%) өнімін өндірді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.