С. Балқыбековтың айтуынша, Нарын және Сырдария өзендерімен су өте көп мөлшерде ағып кетіп жатыр. Ол Қазақстанның Қызылорда облысын басып қалу қаупі бар.
"Бұл проблеманы шешу үшін Қырғызстанға Қазақстаннан комиссия келді. Бірқатар шаралар қабылданды. Алайда, мәселе мынада: Қазақстан қол қойылған протоколдағы барлық талаптарды орындап отырған жоқ. Атап айтқанда, Қырғызстанға белігілі бір жанармай ресурстарын жеткізбей отыр", - деп атап көрсетті министр.
"Егер Қазақстанның облысы судың астында қалар болса, онда Қырғыз жағының мұнда еш айыбы болмайды", - деп атап көрсетті С. Балқыбеков.