Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағының апатқа ұшырау себебін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, комиссия төрағасы болып вице-премьер Нұрұлы Досбол сайланды. Қырғызстанның транспорттық прокуратурасының арнаулы комиссиясы да апат себептерін бір уақытта зерттеп жатыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23-маусымда Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты ұшағы Қырғызстанның Нарын облысы Кочкор ауданында апаттық жағдайда қонуға мәжбүр болған. Оған ұшақ қозғалтқышының істен шығуы себеп. ЯК-40 ұшағында "Манас" әуежайының басшылығы мен Қырғызстанның азаматтық авиациясы департаментінің өкілдері болған. Ұшақ Бішкек - Тамчи - Нарын - Казарман - Бішкек бағытындағы рейске шыққан көрінеді. Жолаушылар ұшақтан шыққан соң ол жарылып кеткен. Бірнеше адам жеңіл жараланған, құрбан болғандар жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті