"Қазақстанның кейбір ақпарат құралдарында пайда болған 2010 - 2014 жылдары болатын жойқын жер сілкінісі туралы ақпаратты біз таратқамыз жоқ", - деп мәлімдеді Қырғызстанның ТЖМ баспасөз хатшысы Абдусамат Паязов.
Оның айтуынша, мұндай болжамдарды тек Қырғызстанның Сейсмология институты ғана жасай алады. "Алайда, институт Төтенше жағдайлар министрлігіне бағынбайды. Ол Қырғызстанның Ұлттық ғылым академиясына қарасты", - деп хабарлады А. Паязов.