Қырғызстанның Ыстықкөл облысында жартастың бір бөлігі жолға құлады

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, тас құлау оқиғасы Қаракөл - Энильчек тас жолының 110-шы шақырымында болған. 20 мың текше метрге жуық тау жынысы жолды бөгеп қалған. Сонымен бірге сел жүріп, 110-шы және 134-ші шақырымдардың аралығындағы тас жолды шайып кетті. Қазіргі жағдаймен жол жабық.

"Алдын-ала мәліметке сәйкес, құүрбан болғандар жоқ, нақты ахуал анықталу үстінде", деп хабарлайды мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті