Қыркүйек айында 700 - 800 мың тонна астық тасымалдау күтіліп отыр - Қазақстан темір жолы

"ҚТЖ ҰК АҚ инвентарлық паркінде астық тиелетін 5229 астық тасығыш болса, ел аумағынан тыс жерде 542 вагон бар", - деп көрсетілген хабарламада.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарушы директоры Қанат Әлмағамбетовтың ақпаратына сүйенсек, 2007 жылдың қыркүйегі мен 2008 жылдың шілдесі аралығында 8,7 млн тонна астық немесе оның алдындағы астық кампаниясының сәйкес мерзімінің 103,6 пайызы тиелген. Одан Қазақстанға 2,6 млн тоннасы (98,7%) бағытталса, экспортқа 6,1 млн тонна (105,9%) шығарылған.