Қыркүйек айында Алматы қаласында қуыршақ театрларының фестивалі өтеді


«Алматы-Концерт» ұйымының хабарлауынша, спектакльдердің жартысына жуығы көшпелі және қайырымдылық түрінде өткізіледі.

«Қуыршақ театрларының тамаша қойылымдарын Алматыдағы медицина мекемелерінде емделіп жатқан кішкентай пациенттер мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері тамашалай алады», - делінген хабарламада.

Фестиваль шымылдығы Мәскеу қуыршақ театрының «Петрушка» қойылымымен ашылады. Шараға «Алақай» (Ақтөбе), «Равлик» (Киев), «ТриЛика» (Мәскеу), «Карабаска» (Пермь), «КрошкаАрт» (Санкт-Петербург), «Ученый медведь» (Мәскеу) және Гомель қуыршақ театры мен Душанбе мемлекеттік қуыршақ театры, Бішкек мемлекеттік қуыршақ театры, Алматы мемлекеттік қуыршақ театры қатысады.